Балалар кітапханасы
Балалар кітапханасының негізгі мақсаты – балалардың жан жақты дамуына, білім алуына, шығармашылық қабілеттерінәі қалыптасуына және мәдениетке деген қызығушылығын арттыруға бағытталған қолайлы ақпараттық мәдени орта құру.
- Балалардың оқу мәдениетін қалыптастыру және кітапқа деген қызығушылығын арттыру
- Жас ерекшелігіне сай әдебиеттер арқылы білім беру және тәрбиелеу үдерісін қолдау
- Сенімді, қауіпсіз, ғылыми негізделген ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету.
- Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жаса
- Ақпарат іздеу, талдау және кітаппен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
- Қоғамдық-мәдени орта құрып , балалардың бір-біріне қарым қатынас орнатуға мүмкіндік беру.
- Тілдік және коммуникативтік дағдыларды дамыту , ана тілін құрметтеуге тірбиелеу.
- Цифрлық сауаттылықты дамытып, электронды ресурстарды қауіпсіз қолдануға үйрету.
- Инклюзивті орта қалыптастырып, мүмкіндігі әртүрлі балаларға тән ағдай жасау
- Отбасылық оқу мәдениетін қолдау және ата аналармен өзара ынтымақтастық орнату.
- Ұлттық құндылықтар мен әлемдік мәдениетті таныстыру, мәдени сананы кеңейту.
- Балалардың бос уақытын тиімді қйымдастыруға ықпал ету.
Анықтама
«Балалар кітапханасы» жобасы аясында кітапханамызда «Кітап сарқылмас руханият» атты 4 «А» сынып оқушылармен бірлесе отырып, жанды тәрбие сағатын өткіздік. Оқушылар кітаптың құдіретін терең сезініп, рухани байлықтың мәнін түсінді. Кітап адам жанының айнасы, ақыл мен парасаттың қайнары.
Анықтама
«Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Кітап білім бұлағы» атты 1ә сынып оқушылармен сынып сағаты өтті.
Мақсаты: Оқушылар кітаптың тарихымен танысып, оны күтіп ұстау ережелерін үренді.Әрқайсысы өз ойларын сурет арқылы бейнелеп, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.Сабақ соңында балалар кітапханаға барып,өздеріне ұнаған ертегі кітап таңдап алып, мектеп ауласында мұғалімнің оқуымен ертегі тыңдап, ерекше әсер алды.
https://www.instagram.com/p/DPn9izqgvHN/?igsh=cnZ1dnNlbjB3NDRu
Анықтама
Жергілікті ақын жазушыларымыз туралы библиографиялық шолу ұйымдастырылды.Жергілікті ақын- жазушылар туған өлкеміздің рухани қазынасы. Олардың әрбір шығармасы тарихымыздың мәдениетіміздің айнасы. Өз өңіріміздің қаламгерлерін құрметтеу- болашққа қалдырған асыл мұраны бағалау. Жергілікті әдебиет- туған жердің жүрегінен шыққан жыр, рухымызды тербеткен сыр. Осы ақындарымыз туралы 7ә сынып оқушыларныа таныстырылды.
https://www.instagram.com/p/DPIdJ4Ygsd3/?igsh=MTdwMm1tNG11YXc2Zg==
Анықтама
«Оқуға құштар мектеп» және «Балалар кітапханасы» және «Өнегелі 15минут» аясында қоңырау уақытын тиімді қйымдастыру мақсатында «Білім сарқылмас қазына, кітап ақылдың кілті» Барлығымыз бірге оыймызды оятып, қиялымызды тербететін 15 минуттық кітап оқу уақытына шақырамыз.
https://www.instagram.com/reel/DO-P-ErAoJ3/?igsh=MXVicTZpMDFidjdlcQ==
https://www.instagram.com/reel/DQD_brUgsw5/?igsh=cXAxdHM2eHN6amwz
Анықтама
«Теңге Тәуелсіздік Қазақстанның жетістігі» атты библиографиялық шолу көрме.
Оқуға құштар мектеп» және «Балалар кітапханасы» бойынша кітапханамызда 1а, 1ә сынып оқушыларына арналған.
Көрменің мақсаты кішкентай оқырмандарға ұлттық валюта тарихы, оның маңызы және Қазақстанның басты жетістіктерінің бірі екендігін қарапайым әрі түсінікті түрде таныстыру. Оқушылар теңгенің алғаш айналымға енген күні, банкнотттардың бейнелері және ұлттық рәміз ретінде мәні туралы танысты.
Анықтама















