Бегущая строка • Современная школа-лицей – это место, где ребенок накапливает опыт широкого знания ru
Авторизация
AA+
Бегущая строка • Современная школа-лицей – это место, где ребенок накапливает опыт широкого знания ru
Название сайта
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/p.testim.kz/9.p.testim.kz/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт

Пневмоцистік пневмония туралы алғашқы ғылыми есеп жарияланғаннан кейін 40 жылдан астам уақыт өтті, ол кейіннен АИТВ инфекциясының соңғы сатысы - иммун тапшылығы синдромы (ЖИТС) ретінде белгілі болды. Адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) – инфекцияны тудырады, ол: ауру жұққан қанмен қатынас болғанда жыныстық жолмен, шәует арқылы немесе вагинальды секрециямен қатынас болғанда жұғады. Вирус есірткіге арналған инелер мен шприцтерді ортақ пайдаланғанда және анадан балаға берілуі мүмкін. АИТВ және ЖИТС диагнозы қазір жиырма жыл бұрынғыға қарағанда әртүрлі мағынаға ие. Осы күнге дейін көптеген жанама әсерлері бар бірнеше дәрі қабылдаған адамдардан - күніне бір таблеткаға дейін қабылдап, жақсы төзімділік танытып және вирусты толығымен басатын дәрі-дәрмектердің жиынтығы дейінгі қаншама жетістіктер орын алды. Жаңа зерттеулер қазір дәрі-дәрмектерді жеткізудің әртүрлі тәсілдерін іздеп, зерделеп жатыр: адамдар күн сайын дәрі-дәрмектерді қабылдауға мәжбүр болмайтындай, мысалы, бір қабылдаған әсері бірнеше айға созылатын инъекция немесе дәрі-дәрмектерді жеткізудің имплантацияланатын механизмдері. 2022 жылғы шілдеде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) халықтың АИТВ жұқтыру қаупі жоғары негізгі топтарындағы адамдарға АИТВ инфекциясының алдын алу құралы ретінде ұзақ әсер ететін инъекциялық каботегравирді (КАБ-ДД) пайдалану жөніндегі жаңа ұсынымдарды жариялады.