ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтерге арналған тарифтерге сәйкес АИТВ-ға зерттеу құны - 1413,99 теңгені құрайды.
Халықтың АИТВ-инфекциясын тестілеуге кең қол жеткізу мақсатында барлық меншік нысанындағы медициналық ұйымдар АИТВ-инфекциясын зертханалық диагностикалаудың бірінші кезеңін жүргізе алады. Бұл ретте денсаулық сақтау министрлігі біліктілік талаптары мен статистикалық есептілікті берудің міндеттілігі көзделетін болады.