Қазіргі бар эпидемиологиялық деректерге сәйкес ТМД аумағында бүгінгі күні бірде-бір АИТВ-2 инфекциясы тіркелген жоқ. Дегенмен, Қазақстанның өңірлік ЖИТС орталықтарының және қан орталықтарының барлық зертханаларында АИТВ-1, АИТВ-2 инфекциясын бір мезгілде анықтауға қабілетті тест-жүйелер пайдаланылады. Бұдан басқа, бірінші және екінші типті вирустар құрылысының ұқсастығын растау сатысында иммуноблотқа қарсы айқаспалы реакцияны қамтамасыз етеді. АИТВ-2 инфекциясына күдіктенген кезде Ж ТБ РО зертханасының қарамағында екінші түрдегі адамның иммунитет тапшылығы вирусына ерекше антиденелерді анықтау үшін тиісті иммуноблот болады.